23 қазанда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, елдік рухты асқақтатуды мақсат еткен шара аясында теміржол саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтап, марапаттады. Бұл – ел игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет пен еңбегіне берілген жоғары бағаның айқын көрінісі.
Мерекелік концерттің бағдарламасы мазмұнды музыкалық шығармалар мен әсем билерге ұласты. Сахна төрінде филармонияның камералық музыка ансамблі мен «Гәкку» би ансамблі өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ләззат Едрисова, «Мәдениет қайраткері» атағының иегері Жанат Есов,  Аманғали Жұматаев, Алтынбек Бектемір, Алан Бектеміров өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің сәнін келтірді.
Ән мен биге, әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күйге толы концерт көрермендерге рухани әсер етіп, Республика күнінің мәні мен маңызын айшықтай түсті.

Онлайн кім

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр