23 маусым күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында облыс әкімі М.М.Ахметжанов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды қызметі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектерін атап өтіп, бүгінгі төл мерекелерімен құттықтап марапаттады.
Іс-шараның концерттік бөліміне Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі қатысып, іс-шараның көркемдік мазмұнын байытып, салтанатты кештің сәнін келтірді.

