Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов қатысты.

Салтанатты іс-шара Ақмола облыстық филармониясының камералық хоры орындаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, елге деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген құрметті дәріптейтін «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ұлттық бірегейлігіміз бен ел бірлігінің айқын көрінісі.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Онлайн кім

Қазір 395 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр