22 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында симфониялық оркестр мен Балалар музыка мектебінің «Диалог поколений» атты бірлескен концерті өтті.

Бұл ерекше музыкалық кеште өнер жолына қадам басқан жас дарындар өздерінің  шығармашылық жетістіктерін көрермен назарына ұсынды. Ұрпақтар сабақтастығы аясында Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері кәсіби симфониялық оркестр музыканттарымен бірге бір сахнада өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.  Кеш барысында Балалар музыка мектебінің хор ұжымы мен облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген жас әншілері, үрлемелі аспаптар оркестрі көрермендерге шынайы эмоция мен шабыт сыйлады. Жас музыканттардың талпынысы мен кәсіби орындаушылардың шеберлігі тоғысқан бұл концерт музыкаға деген сүйіспеншілікті арттырып, жас ұрпақтың өнерге деген құштарлығын айқындай түскені сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр