3 қазанда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Халықаралық кофе күніне арналған «Кофе & Музыка» музыкалық кофеханасы өтті. Бұл кеш – хош иісті кофенің қуаты мен әуезді әуендердің үндестігін сезінуге мүмкіндік беретін ерекше форматтағы мәдени шара.

Іс-шара аясында филармонияның шығармашылық ұжымдары – камералық музыка ансамблі (жетекшісі Жанат Рашит) мен камералық хор (жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова) өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, филармонияның талантты солистері де көрерменге керемет музыкалық нөмірлер ұсынды. Концерттік бағдарлама классикалық және заманауи камералық шығармалармен қатар, нәзік вокалдық композициялармен әрленіп, музыка сүйер қауымға ерекше рухани ләззат сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 376 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр