Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 24 қыркүйек күні Арқаның әншілік дәстүрінің іргетасын қалаушылардың бірі, қазақ халқының өнер тарихында өшпес із қалдырған асқан дарын иесі Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Қалдырған әнім аманат» атты концерт өтті.

Қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің іргетасын қалаған, алты алаштың ардақтысы болған Үкілі Ыбырайдың шығармашылығына арналған ән кешінде көрермендердің назарына ел еркесінің жауһар туындылары ұсынылды. Концерттің шымылдығы К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Гәкку» би ансамблінің орындауында Н.Бекеновтің «Үкілі ақжелең» шығармасымен ашылды. Қазақ өнерінің төресі - дәстүрлі ән өнері шарықтаған концертке еліміздің танымал әншілері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Ғалым Мұхамедин (Жезқазған қ) мен Бисара Макенова (Көкшетау қ.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрболат Арзамасұлы (Астана қ.), Мәдениет саласының үздігі Медет Осатаев (Қарағанды қ.) қатысады. Сонымен қатар бағдарламада филармонияның шығармашылық ұжымдары мен әншілері: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Мәдениет саласының үздігі Руслан Қойшыбаев), «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, Республикалық байқаулардың лауреаттары Сәрсенбай Хасенов пен Зәмзәгүл Смағұл өнер көрсетеді

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр