Мәдениет және өнер қызметкерлері күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2013 жылы мереке ретінде белгіленді. Бұл - халқымыздың бай мәдениеті мен өрелі өнерінің дамуына үлес қосып келе жатқан адамдардың кәсіби төл мерекесі.

Подробнее...  

18 мамыр күні филармонияның сахна  төрінде жас әнші Нұргүл Нұриденнің «Padam, padam» атты Франция музыкасына арналған ерекше концерті өтті.

Подробнее...  

5  мамыр күні   филармонияның  концерт залында «Мәдениет қайраткері» Жанат Есовтың 50 жылдық мерейтойына арналған  «Әрайна» атты шығармашылық кеші өтті.

Подробнее...  

25  сәуір күні   әнші, «Мәдениет қайраткері» Гүлжан Ахметованың «Ән ғұмыр» атты жеке концерт-дәрісі  өтті. Концертмейстері: «Мәдениет саласының үздігі» Марат Бектасов (баян) пен Мақпал Дәулетжанова (фортепиано). Концертті әншінің жан жары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Философия докторы, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы жүргізді.

Подробнее...  

2011 жылдан бастау алған  «Көкшетау – тал бесігім»    музыкалық фестивалі - көкшетаулықтар үшін ерекше, өзіндік орны бар іс-шара. Бұл  фестиваль көкшенің тал бесігінде тербеле, шығармашылығын шыңдаған шығармашыл тұлғаларды жыл сайын бір сахна төріне жинауға мүмкіндік беретін бірегей іс-шара. Фестиваль барысында жерлестеріміз - танымал әртістер мен көрнекті қоғам қайраткерлері   өз өнерлерін ортаға салып, туған жерін ән мен жырға бөлейді.

Подробнее...  

15 сәуір күні сағат 19.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс-холл концерт залында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты концерті өтті.

Подробнее...  

«Музыкалық кофехана» жобасы - көрермендердің көңілінен шыққан жоба. Қазіргі таңда музыкалық кофехананың өз көрермендері, өз тыңдармандары бар. Бүгінгі музыкалық кофехананың кезекті саны музыка әлемінде аты алтын әріппен жазылған танымал композиторлардың әзіл-оспаққа толы туындыларына арналды.

Подробнее...  

13  сәуір күні   филармонияның  концерт залында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен филармония әншілерінің  қатысуымен    әнші  «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» Еркін Біржановтың  80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 108 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр