2011 жылдан бастау алған  «Көкшетау – тал бесігім»    музыкалық фестивалі - көкшетаулықтар үшін ерекше, өзіндік орны бар іс-шара. Бұл  фестиваль көкшенің тал бесігінде тербеле, шығармашылығын шыңдаған шығармашыл тұлғаларды жыл сайын бір сахна төріне жинауға мүмкіндік беретін бірегей іс-шара. Фестиваль барысында жерлестеріміз - танымал әртістер мен көрнекті қоғам қайраткерлері   өз өнерлерін ортаға салып, туған жерін ән мен жырға бөлейді.

Фестивальдің осындай табысқа жетіп, мәртебесінің өсуі - осы күнге дейін бір қолдан жетекшілік етіп, тың идеяларын ортаға салып, рухани шабыт беріп келе жатқан  көркемдік жетекшісі   «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Абзал Мұхитдиновтың ерен еңбегінің  арқасы.

Ақмола облысының мәдениет    басқармасының қолдауымен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы естен кетпес ерекше мерекелік кеш өткізу мақсатында халыққа  қаныққан, мазмұны бай   бағдарламалар  ұсынады.

22  сәуір күні К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі және  бас дирижері - Жанат Рашит. Сонымен қатар танымал дирижерлер: Тұрлыхожа Базаров (Көкшетау қ.), Руслан Баймурзин (Нұр-Сұлтан қ.), Қайырлы Ғафуров (Петропавл қ.), Берік Оразалин  (Қостанай қ.), Руслан Қойшыбаев (Көкшетау қ.)  қатысты.

23 сәуір күні симфониялық оркестрдің концерті. Көркемдік жетекшісі және  бас дирижері - Берік Сарыбай. Концертке «Астана Опера» МОБТ-тың дирижері  Абзал Мұхитдинов пен  әртістері: Бағдат  Әбілханов (скрипка), Дамиля Махпирова (гобой), Алексей Косырев (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Әсет Нелдібаев (фагот), Марат Қонысбаев (волторна), Жания Мұхитдинова (гобой) қатысты.

Осы көлемді іс-шараның медиалық міндеті отандық және әлем музыкасының жауһарларын насихаттап жүрген облыстық филармонияның кәсіби ұжымдары  концерттің негізгі қатысушылары болып табылатындықтан классикалық  және  халық музыказының  ең үздік үлгілерін дәріптеу; сонымен қатар танымал  әншілермен және дирижерлармен бір сахна төрінде өнер көрсетуге мүмкіндік алған жас музыканттардың  кәсіби деңгейдегі ұмтылыстарын жүзеге асыру; осы бағытта жұмыс істеп жүрген музыканттардың жоғары көркемдік және  орындаушылық деңгейін  насихаттау және қатысушылардың өзара шығармашылық  жетістіктерімен алмасуы.

Онлайн кім

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр