Мәдениет және өнер қызметкерлері күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2013 жылы мереке ретінде белгіленді. Бұл - халқымыздың бай мәдениеті мен өрелі өнерінің дамуына үлес қосып келе жатқан адамдардың кәсіби төл мерекесі.

Салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі, мәдениеті мен өнері  дамыған елдің әрдайым еңсесі биік, рухы жоғары болады. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі көзі.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары осы мерекеге орай Мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап,  21 мамыр күні филармония алдында концерт берді. Халқымыздың асыл мұрасын насихаттап, келер ұрпаққа жеткізу жолында бел шешпей өнер көрсетіп келе жатқан   К.Күмісбеков атындағы  қазақ халық аспаптар оркестрі қанықты концерттік бағдарламасын көпшіліктің назарына ұсынды. Оркестрдің сүйемелдеуімен филармония әншілері: «Мәдениет қайраткерлері» Гүлжан Ахметова мен Жанат Есов, Республикалық   байқаулардың лауреаттары Эльмира Төлеубаева, Аягөз Қалмағанбетова, Элмира Нысанбаева, Мирзан Молдаханов өз өнерлерін ортаға салды.

Онлайн кім

Қазір 170 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр