Серікболсын Бекмолдин— филармониямыздың көрнекті солистерінің бірі.
Ол әрбір сахнаға — өзіндік бояу, шеберлік пен мазмұн әкелетін дара тұлға.
Дауысы кең тынысты, жанрлық ауқымы кең: классикалық шығармалардан бастап, заманауи қазақ композиторларының әндеріне дейін, сондай-ақ халық әндерін де ерекше тереңдікпен, жүрекке жететін мәнермен орындайды.
Оның әрбір орындауы — тыңдарманмен сырласу, сезім мен ойдың үйлесімі.
Серікболсын Бекмолдин филармонияның ғана емес, облыстық деңгейдегі ірі концерттердің де сәнін кіргізіп жүрген, сахна мәдениетін бойына сіңірген, талғамы жоғары көрерменнің көңілінен шығып жүрген өнер иесі.
Өз репертуарына деген жауапкершілігімен, көркемдік талғамымен, сахнадағы жинақылығы және жан дүниесінің байлығымен ерекшеленетін Серікболсын Бекмолдин — біздің мақтанышымыз, филармонияның айшықты дауыстарының бірі.