!--
«Гәкку» би ансамблі Ақмола облыстық филармониясында жуырда ғана құрылса да, концерттеріміздің көркіне айналды. Ансамбльдің жетекшісі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын режиссер-хореограф мамандығы бойынша бітіріп шыққан Гүлмира Ордабаева қазіргі таңда би өнерін дамытып және байытып, дәстүрді құнттап, сақтап және құрметтеп келеді. Ұстаздың зейіні мен шеберлігі арқасында «Гәкку» жыл сайын көрерменді жаңа би қойылымдарымен қуантып келеді. Бұл әсемдік пен әдеміліктің мерекесі, сезімдердің нағыз от шашуы. Әр қойылым нөмірі ерекше және көпшілікке көңіл-күй сыйлап, тамсандырып отырады.
Ансамбльдің репертуары әртүрлі. Ансамбльдің негізгі құрамына биден тәжірибесі бар, қыздар іріктелініп алынады. «Гәкку» би ансамблі «кәсіби ансамбль» мәртебесіне ие және бұл негізінен, облыстық мәдениет колледжінің хореографиялық бөлімінің болашақ хореограф-студенттері қатысатын Көкшетау қаласындағы жалғыз ұжым. Сондықтан да жетекшінің оларға қояр талабы ерекше. Ансамбль репертуарының негізін «Айнакөл» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасына қойылған билер құрайды. Осылайша, фольклорлық ұжыммен біріге отыра би ансамблі әйгілі «Аңшының зары» күйінің негізінде қазақ биін дүниеге әкелді. «Жез киік» биі қазақ кермараланың әдемілігін көзбен көре отырып, көшіріп салған нағыз сурет секілді. Онымен қоса ансамбльдің активінде әдемі «Жылқышы» биі де бар. Бұл биде қыздар жайылымда жайылып жүрген жылқылар табынымен еріп жүрген дала құсы Жылқышыны суреттейді. Ансамбльдің репертуарында «Айнакөл» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалатын «Зартунг» армян биі де бар.
Биші қыздар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде де репертуарларға сәйкес өнер көрсетеді. Мысалға, ансамбль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде «Пер Гюнт» балетінен алынған жаңа музыкалық сюиталар бойынша Эдвард Григтің музыка желісі негізінде «Утро», араб, гномдар, Анитраның билерін билеп, өнер көрсетулері айтулы оқиғалардың біріне айналды.
Ал симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «В пещере горного короля» композициясын кішкентай бүлдіршіндер билеп, сахна төрінде өнерлерін ортаға салды. «Гәкку» ансамблінің бишілері «Алеко» операсындағы сыған биі мен Экпресс-оперетта хореографиялық қойылымын да табыспен орындап шықты.
Ансамбль К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен де өнер көрсетіп, біршама тамаша нөмірлер жинақтады. Олар «Шашу», «Шаңды жорық», «Қарлығаш», «Серпін» және басқа да көрермен қошеметіне ие болған билер.
«Гәкку» ансамбліне арналған билерді кім ойлап табады екен? Бұл өзінің жұмысына толық беріле отыра, тамаша қойылымдар жасап, ұжымды табыстарға жеткізіп келе жатқан оның жетекшісі, дарынды хореограф Гүлмира Ордабаева. Бүгінде Гүлмира Мерғалиевна қол жеткізген жетістігінде тоқтап қалмай, жаңа хореографиялық туындылармен, оның арасында жарты саусақпен билейтін билерге жол берілетін нео-классикамен де жұмыс жасап келеді.
2002 жылы мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ жан-дүниесінің қалауымен бастаған хореографтық қойылымдық өтілі ондаған жылдармен есептеледі. Көкшетау қаласының басқа да би ансамбльдерінде жұмыс істей отыра, жасаған соңғы жұмыстары бүгінгі күнге дейін көрермен арасында үлкен сұранысқа ие. Басқа хореографтар осы би ұжымы арқылы балаларға би өнерінің машықтарын үйретіп келеді. Олар «Атадан мұра», «Тағдыр лебі», «Ғасырлар үні», «Қыз сезімі», «Қуаныш биі», «Жемчужина востока» билері, ауқымдысы – «Жайлау биі», «Стиль-модерн» биі, малайзиялық, армян биі – «Бармони» және басқалары.
«Гәкку» ансамблінің құрамы негізінен өзгермейді, саны да сол қалпында. Дарынды хореографтың қажымай, көп еңбектенуінің арқасында, жаңа қойылымдар дүниеге келіп, ансамбльдің беделі артады және Ұлы би өнеріне деген шексіз махаббат қана қалады. Себебі би өнерінде адамның жан дүниесі, темпераменті, өнегелілігі, әдемілікке деген көзқкарасы айқын ашылады. Ансамбль – бұл бидің ғажайып тілі, құштарлық пен қуат. Қойылатын әрбір нөмір көрерменіне көңіл-күй сыйлап, таң қалдырады.
«Гәкку» би ансамблінің алдына қойған басты мақсаты - хореографияға деген махаббат сезімін балаларға ұялату. Би өнері арқылы тек қазақ халқының ғана емес, сондай басқа халықтардың да шығармашылығына деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті ояту. Әлем халықтарының билерін үйрене отыра, балалар оның тарихы жайлы хабардар болады, халықтар мәдениеті мен хореографиясындағы өзгешеліктерді көріп, тани біледі.
2014 жылы «Гәкку» би ансамблі Үндістанда (Нью-Дели қ.) өткен Х Халықаралық музыка мен би фестиваліне қатысты.
-->