Концерттік билеттерді сату тәртібі

  1. Көрермен Филармония кассасынан, шарт негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғалардан (агенттерден) іс-шараға билеттер сатып ала алады.
  2. Көрермен нақты күнге және іс-шараға билеттердің бар болуын кассадан немесе Филармония сайтынан анықтап біле алады.
  3. Көрермен билеттер сатып алу кезінде іс-шаралар, жеңілдіктер, Филармония концерттеріне келу ережелері туралы толық ақпарат алуға құқы бар.
  4. Көрермен Филармониямен өткізілетін іс-шараға билет алу арқылы орындаушымен (Филармониямен) мәдениет саласында ақылы қызмет көрсету шартын жасасқанын, сонымен қатар осы Ережелермен келіскенін растайды. Ақылы қызмет көрсету шарты сатып алушыға билетті беру жолымен ресімделеді. Билет -тұтынушымен шарт талаптары туралы ақпараты бар белгіленген нысандағы құжат.

Билеттегі ақпараттың мазмұны:

а) қызметтің атауы мен түрі;

б) қызмет көрсету уақыты (іс-шараны өткізу уақыты);

в) іс-шараның өтетін орны, сонымен қатар көрерменннің көрермендер залындағы орны;

г) Қызметтің құны мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін басқа да ақпараттар.

5. Филармония билеттерді тек қолма-қол ақшаға сатады.

Театралдық-концерттік билеттерді қайтару тәртібі

  1. Филармонияның бастамасы бойынша іс-шара болмаса немесе көшірілген жағдайда өтпей қалған іс-шараның белгіленген күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде филармония кассаларында билеттер қайтарылынып алындады, билеттің толық құны қайтарылып беріледі. Бақылау жері бүлінбеген билеттің түпнұсқасы бар болған жағдайда сатып алушының ақшасы қайтарылып беріледі.
  2. Көрерменнің бастамасы бойынша іс-шараға билеттерді қайтару билетті сатып алған жерде бақылау жері бүлінбеген билеттің түпнұсқасы бар болған жағдайда толық көлемде жүргізіледі.
  3. Іс-шара басталғанға дейінгі 60 минуттан кем емес уақыттың ішінде билеттерді қайтаруға жол беріледі. Іс-шара өткізіліп жатқан кезде немесе іс-шара өткенен кейін көрерменнің бастамасы бойынша билеттер қайтарылып алынбайды.
  4. Филармония сатып алушының кінәсі бойынша жоғалған немесе пайдаланылмаған билеттердің ақшасын қайтармайды. Билеттерді қалпына келтіру жүргізілмейді.
  1. Билеттер қайтарылғаннан кейінгі көрермендер залындағы босаған орындар Филармония кассалары немесе билеттерді сатып, таратушы уәкілетті тұлғалар арқылы қайта сатылуы мүмкін.
  2. Филармония әкімшілігі жасанды билеттер мен билеттерді сатып, тарату бойынша уәкілетті емес тұлғалардан сатып алынған билеттер үшін жауап бермейді.
  3. Құрама концерттің құрамындағы орындаушыны ауыстыру билетті қайтарып беруге негіз болып табылмайды.

Іс-шараны ауыстырған жағдайда Филармония кассасынан немесе филармонияның уәкілетті өкілдерінен сатып алынған билеттер жарамды болып саналады. Сатып алушының тілегі бойынша бұл билеттер Филармонияның басқа іс-шарасының билеттеріне ауыстырылуы мүмкін, егер билеттің құны алдында сатылған билеттің құнына сәйкес келсе.

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр