17 қазанда филармонияның сахна төрінде көрнекті ақын, әнші Мұса Асайыновтың 95 жылдығына арналған «Асқақ әнші, ақтаңгер ақын» атты рухани-танымдық кеші өтті.

Бұл іс-шара облысымызда белгілі музыкатанушы Сәрсенбай Хасеновтің авторлық жобаларының бірі болып табылады. Кеш барысында суырып салма ақын Мұса Асайыновтың өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ поэзиясы мен музыкасына қосқан үлесі баяндалды. Бағдарламада филармония солистері Мұса Асайыновтың әндерін орындады, бұл көрермендерге бірегей суырып салма ақынның шығармашылығымен етене танысуға мүмкіндік берді. Кешке Мұса Асайыновтың қызы Фатима Мұсақызы, шәкірті, ақын Күләш Рахымжанова қатысып, жарқын естеліктерімен бөлісті. Ақынның ұлы Еркін Мұсаұлы Үкілі Ыбырайдың «Ер Көкше» әнін, ізбасары Ұлан Қазымбек «Білмеген дос көңіл жаралайды» әнін көпшілікке тарту етті. Жарас Қалдаров Мұса Асайыновқа арналған К.Салықовтың арнауын оқыды.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр