16 мамыр күні   дирижер Руслан Баймурзинның жетекшілік етуімен   симфониялық оркестрдің  сүйемелдеуінде    «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиеваның  «МY  LOVE  STORY» атты  жеке концерті өтті.

Концертке әншінің арнайы шақырған  достары: Бағдат Әбілханов, Абзал Ес,  Ринат Нұрмұхан, Бекұлан Ерболатұлы  қатысып, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде  өнерлерін ортаға салады.  

Кешке  Галина  Колесникова жетекшілік еткен  камералық хор мен "Гәкку" би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева), "Реверанс" спорттық-би ұжымы да қатысты. 

Сонымен қатар, қоюшы режиссер Болат Әбдірахмановтың зор үлесін атап өткіміз келеді. Оның арқасында концерттік бағдарламаның барлық бөлімдері біртұтас көрініске айналып,  көрермен назарын толығымен жаулап алды.

Әлемдік және заманауи классикалық шығармалардан тұратын тың концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр