25 сәуір күні  К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  қатысуымен Көкшелік ақын, сазгер, әнші  Иран  сал Тасқараұлының 85 жылдығына арналған  шығармашылық кеші өтті.

Көкшенің көгін әнге бөлеген, сал-серілердін соңғы тұяғы, белгілі сазгер әрі әнші Иран Тасқараның  шығармалары осы кеште ән сүйер қауымның назарына ұсынылып, филармония әншілерінің орындауында  сахна төрінен төгілді.  
Концерттің шымылдығы оркестрдің орындауында Түркештің «Көңіл ашар» күйімен ашылды.
Концерттік бағдарламаға «Мәдениет қайраткерлері» Гүлжан Ахметова, Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Эльмира Төлеубаева, Сәрсенбай Хасенов, Абзал Ес, Аякөз Қалмағанбетова, Жанар Сақтағанова,  Саида Сағди қатысып, Иран салдың «Ақтоқты-Балқадиша ұрпақтарының әні», «Семсері қазақ мұқалмас», «Сағыныш», «Елге бар», «Көкше әуені», «Ертісте туған ерке қыз», «Жез киік», «Аңса жаным» және тағы басқа да  әндерін әуеле салды.  Ал Көкшелік көрермендер кеш иесінің орындауында «Үкілі Ыбырайдың соңғы әні» мен «Анаға» әндерін тыңдады.  
Кешті Иран салдың ізбасары, дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр