20 қаңтарда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында бірегей дауыс иесі, бүгінгі таңда еліміздегі жалғыз контртенор, халықаралық конкурстардың лауреаты Батыржан Смаковтың жеке концерті өтті.
Жүргізуші: дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко.
Барокко және романтизм композиторларының әйгілі үздік шығармаларынан тұратын концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамиля Жарқымбаева мен Раушан Бескембірова, концертмейстер Ольга Гергель қатысты. Жас музыкантар: көрнекті пианист Әрсен Жұмабаев, болашағы зор скрипкашы Лаян Еран да өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/908-21-01-24.html#sigProId9f7236d0cc