28 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Folk-Symphony Kokshetau» фестивалі аясында  эстрадалық-джаз музыкасы концерті өтті.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижер Ерназар Уразалин мен  дирижер  Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі аңызға айналған танымал джаз хиттерін орындады.

Бағдарламада «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов Френк Синатрдың «My Way», Эльмира Камарницкая Джордж Ширингтің «Lullaby Of Birdland», Марина Зяблинцева  «Too Darn Hot» (Mat Amy), Нұрлан Рахымжанов «Jazz әлемі»  әндерін орындады, сонымен қатар көрермендер назарына Наталья Серафимович, Даяна Кенжекееваның саксофон аспабындағы жеке  орындаулары мен басқа да композициялар ұсынылды.

Ал концерттік бағдарламаның екінші бөлімінде  фестивальдің арнайы қонағы – «Saz&Soul» тобы (Астана қ.) өнер көрсетті.

Тыңдармандар ерекше мәнерде орындалған «Керім-ау айдай» халық әнін, сондай-ақ  «Сырғалым», «Махаббат мәңгі  ертегі», «Саржайлау» және т.б. авторлық туындыларды тыңдап, әдемі кештің куәсі болды.

Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде орындалған «Сүгірдің термесі» көпшіліктің көңілінен шығып, өз бағасын алды.

Онлайн кім

Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр