28 ақпан күні әнші, композитор, журналист Кәрім Ілиясовтың 95 жылдығына арналған «Сағыныш» атты ән кеші өтті.

Кеш барысында әнші-композитордың төл туындылары: «Көкшетау – Сарыарқаның раушан гүлі», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Сағыныш», «Зерделі Зеренді», «Мен қалай өмір сүргем алаңдамай»және басқалары орындалды.

Концерттік бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова, Сәрсенбай Хасенов, Эльмира Төлеубаева, Жанар Сақтағанова, Гүлжан Ахметова, Әбілсерік Қамашев, Сәкен Біржанов, Айдынбек Мұхаметхан қатысты.

Әнші, композитор, журналист Кәрім Ілиясовтың жақын туыстары, достары мен өнерін бағалаушылар 28 ақпан күні филармонияның концерт залына жиналды. Кәрім Ілиясовтың 95 жылдығына арналған «Сағыныш» атты ән кешінде композитордың артында қалған жауһар туындылары, музыкалық мұрасы орындалып, әр тыңдарманның жүрегінен орын алды.

Онлайн кім

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр