22 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Дүкімбаеваның жеке концерті өтті.

Концертмейстері - халықаралық байқаулардың лауреаты Эльдар Минюков.

Бағдарламада С.Рахманинов, П.И.Чайковскийдің романстары, Л.Денцаның ноктюрны, «Евгений Онегин», «Джоконда» операларынан ариялар, халық әні «Алқоңыр» мен Сегіз серінің «Гаухар тас» т.б. да шығармалар орындалды.

Кеш қонақтары, Шолпан Базарқызының шәкірттері: Салтанат Әбдірахманова мен Балқия Шапи көрермендерге Н.Римский-Корсаковтың «Не ветер вея с высоты» әні мен В.Моцарттың Деспина ариясын тарту етті. Ал солист Абзал Ес Абайдың «Өзге, көңілім, тоярсың» әні мен П.Соросабальдің «La tabernera del Puerto» композициясын шарықтата шырқады.

Концерттік бағдарлама барлық әншілердің біріге орындауында Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнімен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр