Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 2 қараша күні сағат 19.00-де Сәрсенбай Хасеновтің шығармашылығына 10 жыл толуына орай «Көкшетау – Сарыарқаның раушан гүлі» атты жеке концерті өтті. Кеш қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанова.
Көкше ақын-композиторларының өмірі мен шығармашылығына аса мән беріп, зерттеп жүрген, бірнеше кітаптың авторы атанған дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов бұл кеште халық әндерінен бастап, жергілікті ақын-композиторлардың шығарған әндерін көрермендеріне тарту етті.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова да әдемі кешке өз үлесін қосып, әсем әнімен көпшілікті сусындатты.
«Гәкку» би ансамблі де мың бұралған билерімен кештің сәнін кіргізді.
Кеш жүргізушісі: Алтынай Искакова.