Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 14 қазан күні  сағат 19.00-де филармония ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекеноваға қаржылай көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық концерті  өтті.

Ғазиза Жұмекенова филармония қабырғасында   жұмыс істеген жылдары ішінде халық әндерінен бастап,  ұлы ақындар:  Естай, Мұхит, Әсет, Нұрхан, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың әндерін шарықтата шырқап, көрермендердің көзайымына айналды. Сонымен қатар Е.Хасанғалиевтың, А.Еспаевтың, С.Кәрімбаевтың, К.Күмісбековтің, Ш.Қалдаяқовтың, А.Бейсеуовтің, Н.Тілендиевтің және басқа да танымал қазақстандық композиторлардың әндерін нақышына жеткізіп, ерекше сезіммен орындады. Танымал композитор, Кеңестер Одағының халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтың көптеген әндерін қазақ және шетел сахналарында жоғары кәсіби деңгейде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ғазиза әншінің ақиық асылы, жезтаңдайы, гәкку үндісі» деп автордың өзі үлкен баға берді. Мемлекенттік сыйлықтың иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың әндерін көрерменге паш етті. Олар Ғазиза Жұмекенованың әншілік дарынын қастерлеп, жоғарғы баға берді. Сонымен қатар күміс көмей әнші Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығына орай  елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

 кеш барысында сахна төрінен Ғазиза Жұмекенованың сүйіп орындаған әндерін К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде үзеңгілес жолдастары  мен филармонияның жас буын әншілерінің орындап шықты. 

Онлайн кім

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр