25  сәуір күні   әнші, «Мәдениет қайраткері» Гүлжан Ахметованың «Ән ғұмыр» атты жеке концерт-дәрісі  өтті. Концертмейстері: «Мәдениет саласының үздігі» Марат Бектасов (баян) пен Мақпал Дәулетжанова (фортепиано). Концертті әншінің жан жары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Философия докторы, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы жүргізді.

 Гүлжан Ахметова концерттік бағдарламаны  Сегіз серінің «Алқоңыр» әнімен ашты. Кеш барысында Арқаны ән мен жырға бөлеген сал-серілердің жауһар туындылары да орындалды. Біржан салдың «Ғашығым», Ақан серінің «Қараторғай» әндері қалықтап, тыңдармандарының жүрегінен орын алды. Сонымен қатар әнші Көкшелік ақындар: Кәкімбек Салықов, Иран Ильяшевтің «Жезкиік», Тыныштық Шәменовтің «Айсары әуені», Құрмет Сахай мен Ерболат Баятұлының «Ән ғұмыр», Кәрім Ильясов, Маман Ементаевтың «Көкшетау» әндерін шарықтата шырқады. Г.Ахметованың  Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан орындаған Жібек әні тыңдармандарын ерекше   сезімге бөледі.

Гүлжан Ахметованың өнер жолында бірге жүрген үзеңгілес әріптестері: Шыңғыс Сәрсенбай, Мирзахат Молдахановта өз үлестерін қосып, жырмен шашу шашты.

Онлайн кім

Қазір 108 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр