15 сәуір күні сағат 19.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс-холл концерт залында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты концерті өтті.

Концертке «Мәдениет саласының үздігі» Әнуарбек Файзуллин  жетекшілік еткен «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева жетекшілік еткен «Гәкку» би ансамблі, филармония солистері: Эльмира Төлеубаева, Аякөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Сәрсенбай Хасенов, Шыңғыс Сәрсенбай, Төлеген Аманов қатысты.

 «Айнакөл»  фольклорлық  ансамблі бұл – тыңдаушыларын  түпнұсқалық, шебер орындауымен таң қалдырып  жүрген  фольклорлық ансамбль. Ансамбль халық шығармашылығын орындау  жанрында   беделді, болашағы айқын Ақмола облысының алдыңғы қатарлы ұжымдарының бірі. Ансамбльдің концерттік бағдарламалары  қанықты, талғаммен таңдалған,  шабытты орындауларымен, кәсібилігімен баурап алады. Ансамбльдің құрамы дарынды, кәсіби, дайындықтары жоғары, майталман музыканттардан жинақталған.  

 Қазіргі таңда  Көкшетау қаласындағы  жалғыз  кәсіби  хореографиялық ұжым  болып табылатын «Гәкку» би ансамблі ансамбльдің  репертуары өте бай. «Гәкку» би ансамблі - халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты. Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия тағы басқа да елдердің алдыңғы қатарлы сахна төрлерінде өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 218 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр