Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, өңір тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарламада Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары, «Астана Опера» МОБТ солистері Салтанат Ахметова, Талғат Ғалеев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсем Аубакирова, Хамит Отарбаев, Талғат Аллабиринов, Айзат Қарабекова, Айгерім Жаңатілекова, Бауыржан Нұрмұхан, Санджай Альмишев, Әлібек Қайырбек және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов өнер көрсетті.
Дирижерлері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, Руслан Баймурзин.
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. «Тәуелсіз» сөзі - әлемдегі ең керемет сөз. Ел бостандығы.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемде дербес автономды ел бар екенін дәлелдей алды. Ол өзінің шекаралары, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен дәстүрлері бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/748-r-t-uelsizdigine-30-zhyl.html#sigProIde3778f4cc8