17 ақпан күні филармония қабырғасында композитор, педагог, Үшінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1951), Армян КСР Халық әртісі (1962), КСРО Халық әртісі (1971) Арно Бабаджанянның шығармашылығына арналған «Верни мне музыку» концерті өтті. 

Концерттік бағдарламада  эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі  (бас дирижері «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин), камералық хор (хормейстері «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова),  «Гәкку» би ансамблі  (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева) және филармония әншілері өнер көрсетті.

ХХ ғасырдың ең танымал, жарқын композиторларының бірі, тамаша пианист Арно Бабаджанянның музыкаға деген құштарлығы бала кезінен-ақ танылады. Ол үш жасында  үйдегі көне фисгармония аспабында ойнай бастайды. Алғаш  баланың туа біткен дарынын  әйгілі кеңестік композитор әрі дирижер арам Ильич Хачатурян байқады. А.Бабаджанян тоғыз жасында ол «Пионерский марш» жазды (1932 жылы жарық көрді). Он екі жасында Л. ван Бетховеннің  төртінші сонатасы мен Ф.Мендельсонның «Рондо капричиоззо» шығармасын орындап, алғаш рет жас музыканттар байқауында бірінші жүлдені иеленді. Жас талант иесі білімін шыңдау мақсатында Ереван консерваториясы жанындағы музыка мектебі мен консерваториясын, кейіннен П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын тәмамдады.

Арно Бабаджанян өз заманында Р.Рождественский, М.Магомаев, Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенко, Андрей Дементьев және т.б. тұлғалармен шығармашылық байланыста болды. Бұл жұлдыздар ынтымақтастығы керемет  туындыларды  дүниеге әкелуге, жемісіне бөленуге мүмкіндік берді. «Свадьба», «Благодарю тебя», «Позови меня» или «Загадай желание» әндері хитқа айналып, көпшіліктің аузынан, радиодан түспеді. Ал «Королевы красоты», «Лучшего города Земли», «Чертова колеса» сонымен қатар «Ноктюрн» шығармаларынсыз эстрада өнерінің алтын ғасырын елестету мүмкін емес.

Арно Бабажанянның өлмес туындыларын кезінде бүкіл Кеңес Одағы білді және шарықтата шырқады.  

Бүгін   филармония әншілері Серікболсын Бекмолдин Эльмира Камарницкая, Аякөз Қалмағанбетова, Марина Зяблинцева , Фархат Сағымбай «Мәдениет  қайраткерлері» Ләззат Едрисова, Жанат Есов  эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен камералық хордың сүйемелдеуінде Арно Бабаджанянның есімін  мәңгі есте қалдырған хит әндерін орындап, көпшілікке тарту етті. «Гәкку» би  ансамблі де  әсем би қойылымдарымен кештің сәнін  кіргізді.

 

Онлайн кім

Қазір 196 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр