4 наурыз күні «Көкшетау»МС-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңіріміздің нәзік жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін атап өтті. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін көрермендерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор  Жеңіс Сейдоллаұлы мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы  әншілерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама  ұсынылды. Сонымен қатар атаулы мерекеге «GENTL VOICES» вокал  квартеті,  «Реверанс» би-спорт  клубы,    «Көкшетау»МС би ұжымдары қатысты. Симфониялық оркестрдің  сүйемелдеуімен Нұржайнар Әбілхайырова, Ернұр Төкен  «Анашым» әнін көпшілікке тарту етті.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр