Сальваторе Адамо-талантты ақын, композитор, әлемге керемет "Tombe la neige" (Қар жауғанда) француз әнін сыйлаған әнші.

Автордың өзі бұл әнді 1963 жылы, он сегіз жасында жазған деп мәлімдейді.

Ән композитордың "63/64" дебюттік альбомына еніп, бірден тыңдармандардың махаббатын жаулап алды.

Сальваторе Адамоның шығармашылығын сүйетіндердің көпшілігі оның бұл әнін ең танымал деп санайды.

Композиция түпнұсқасы француз тілінде ғана емес, сонымен қатар басқа тілдерде де орындалады.

1971 жылы сингл түрінде шығарылған жапон нұсқасы шетелдік орындаушылардың "20 үздік шығармасына" енді.

Әннің әр түрлі мәтіндегі орыс нұсқалары бар, мысалы, Муслим Магомаевтың орындауында Леонид Деребеневтің сөздеріне, Валерий Леонтьевтің орындауында Д. Ивановтың сөздеріне және тағы басқалар.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Нұргүл Нұриденнің орындауында "Tombe la neige".

Онлайн кім

Қазір 143 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр