Апта сайынғы айдардың жалғасы ретінде «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері балалар мен ересектерге арнап ерекше онлайн-жаттығу дайындады.

Алоха! Гавай биінің ырғағымен «Моана» мультфильмінің кейіпкерлерімен оянып, шынығамыз! («Алоха» - біздіңше «Сәлеметсіз бе» дегеніміз. Бірақ гавайлықтарда бұл амандық тілегендік емес, кездескендеріне қуанғандықты білдіреді, «алоха» сөзі - бұл «сенімен бірге болғаныма мен қуаныштымын» дегенді білдіреді».)

Өздеріңіз білетіндей, гавай биі – бұл денені шынықтырып, сауықтыратын би. Бұл би омыртқаға жақсы әсер етіп, дене мүсінін қалыптастыруға ықпал етеді, икемділікті арттырады, буындар мен бұлшықеттердің, сіңірлердің жағдайын жақсартып, тыныштандырады, өз денеңді сезіне білуге ықпал етеді.

Онлайн кім

Қазір 178 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр