"Музыкалық кофехана" жобасы аясында Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында, әлемдік музыканың даму тарихына экскурсиясы жалғасқан болатын. Осыған орай 20 қазан күні сағат 14.00-де классикалық музыканы сүйіп тыңдайтын көрермендерге арналған "Италия музыкасы (қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейін)"атты концерт өтті.

Концерттік бағдарламада төмендегідей композиторлардың шығармалары орындалды:

  • Джузеппе Верди «Ария Виолетты» «Травиата» операсынан және

Ам Илькаре Понкьелли «Ария Джоконды» ҚР еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дукумбаеваның орындауында;

  • Антонио Вивальди, «Осень» «Времена года» циклінен камералық оркестрдің орындауында;

  • Франческо Дуранте, «Танец» Г.Колесникованың жетекшілігіндегі вокалтық топтың орындауында;

  • Марк Антонио Чести, «Оронтея, королева Египта» операсынан ария және Пьетро-Франческо Кавалли «Язон. Радость» операсынан ария «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері Валерия Болиеваның орындауында;

  • Энио Морриконе, «Однажды в Америке» кинофилімінің музыкасы (жеке флейтада Анна Батлукова) және басқаларының орындауларында көптеген классикалық әндер шырқалды.

Бағдарламаның жүргізушісі дәріскер - музыкатанушы Юлия Никитенко тыңдаушыларды, әлемге жаңа формалар енгізген және музыкалық өнердің жанрларын берген итальяндық ұлы композиторлардың тағдырымен сонымен қатар өмір жолымен таныстыра отырып қызықты экскурсия жасады.

Іс-шараның негізгі мақсаты: патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы.

Келушілер: облыстың шығармашылық жастары, БАҚ өкілдері.

Онлайн кім

Қазір 174 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр