Руслан Богданов - аранжирлеуші (музыканы көркемдеуші), композитор, әнші, сонымен қатар адал, қайырымды, өмірге құштар жан. Міне осындай бірегей тұлға қазіргі таңда денсаулығына байланысты қиын жағдайда, сондықтан да барлық қала болып сүйікті азаматын қолдап, оған көмек көрсетуді шешті. Бірқатар қайырымдылық іс-шараларына қоса «21 күн игі іс» челенджі де өз күшіне енді. Мектеп қабырғаларында Руслан Богдановқа арналған жәрмеңкелер өткізілсе, барлық мәдени мекемелер концерттер берді. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы да шетте қалмай, бұл іске өз үлесін қосты. 18 қаңтар күні сағат 19.00-де эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі әріптесімізге арнап ретро-концерт берді. Концерттік бағдарлама өткен кездің әдемі хит әндерінен тұрды. Әншілердің орындауында В.Сидоровтың «Дружба» көркем фильмінен «Зимний вечер в Гаграх», Н.Тлендиевтің «Саржайлау», А.Зацепиннің «Есть только миг» композициялары мен «Дни Турбеных» «Белых акаций гроздья душистые» киноленталарынан романстар, У.Жолдасовтың «Шаттығым менің», А.Бабаджанянның «Верни мне музыку», Ю.Антоновтың «Нет тебя прекрасней» және тағы басқа да көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндері орындалды.

Онлайн кім

Қазір 183 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр