17 сәуір күні симфониялық оркестр мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің бірлескен концерттік жобасы өтті.

Бағдарламада әлемге әйгілі австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарттың асыл туындылары көпшіліктің назарына ұсынылды. Тыңдаушыларын ерекше эмоцияға бөлеп, гармониялық әуендері арқылы баурап алатын, адам жанының тереңдігін зерттеуге бағытталған ұлы композитордың музыкасын кәсіби музыканттар мен өнер жолына қадам басқан жас орындаушылар орындады. Өз дәуірінің мәдени және рухани символына айналған ұлы композитордың «Соната для скрипки и фортепиано ми минор», «Соната для скрипки и фортепиано соль мажор», «Концерт для флейты соль мажор», «Концерт №20 для фортепиано ре минор», «Концерт №24 для фортепиано до минор» сынды жауһар туындылары сифониялық оркестр мен жас музыканттар: Еркін Адина, Еркін Айару, Биғазы Айкүміс, Мұқажан Әсел, Зайцева Каринаның орындауында сахна төрінен төгіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлап, классикалық музыканың тереңдігі мен сұлулығын, аспаптық музыканың көркемдігі мен әсемдігін сезінуге мүмкіндік берді. Бұл кеш классикалық музыканы сүйетін қауым үшін ерекше музыкалық тарту болғаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр