6 наурыз күні «Көкшетау» МС-да Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында М.Ахметжанов нәзік жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың еліміздің өркендеуі жолындағы ерен еңбектері мен қосқан үлестерін атап өтті.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін көрермендер назарына ұсынылған мерекелік концерттік бағдарламада Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының камералық музыка ансамблі (дирижері Жанат Рашит) мен Республикалық байқаулардың лауреаты Серікболсын Бекмолдин, «Шапағат» мемлекеттік наградасының иегері Аякөз Қалмағанбетова өнер көрсетті.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1197-8-nauryz-saltanatty-is-shara.html#sigProIdb9f6ef4fd3

