20 қаңтар күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Романтика Романса» атты музыкалық кофехана өтеді🎶

Музыкалық кофехана аясында филармония солистері отандық және әлем композиторларының таңдаулы романстарын гитара мен фортепианоның сүйемелдеуінде орындап, романс жанрының нәзік лирикасын, терең сезімге толы әуендерін тыңдарман қауымның назарына ұсына отыра, классикалық және заманауи романстар арқылы рухани тынығу сыйлайды.

 Музыкалық кофехана форматы көрерменге еркін, ерекше атмосферада өнерден ләззат алуға мүмкіндік береді. Жанды музыка, сырлы әуен мен шынайы эмоция үйлесім тапқан бұл кеш романтикаға толы ғажайып көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.

 Әуезді әуен мен сырлы сезім тоғысқан романс кешіне шақырамыз! Әдемі кешті бізбен бірге тамашалаңыздар! 

Онлайн кім

Қазір 145 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр