Бұл мерекелік шараның басты мақсаты – көрермендерге шаттық пен жылулық сыйлау. Жаңа жыл қарсаңында әрбір жан алдағы күндерге үмітпен көз тігіп, ғажайып сәттерді күтетіні анық. Осындай сиқырлы көңіл-күйді сыйлаған карнавал кеші өнер мен мерекенің үйлесім тапқан жарқын көрінісіне айналды. Мазмұны бай, көрінісі көз тартар бұл шара көрерменге ұмытылмас әсер қалдырып, жаңа жылға деген сенім мен қуанышын еселей түсті.

Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің әуезді шығармалары кештің шырайын кіргізсе, «Гәкку» би ансамблінің және «Аманат» би мектебінің әсем билері мерекелік әсерді күшейтті. Камералық хордың үйлесімді дауыс ырғағы мен филармония солистерінің жарқын өнері көрермендерді таңғажайып сезімге бөледі. Бағдарламада «Мәдениет қайраткері», «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова, Марина Зяблинцева, Анастасия Мельник, Саида Сағди, Арай Букаева, Дариға Исмағұлова, Инара Мукушева, Даниэль Ишмухаметов, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының солистері Қуандық Шалқарұлы мен Ербол Тәжібаев, Аманғали Жұматаев, Алан Бектеміров, Алтынбек Бектемір, Алина Темірғазина өнер көрсетті. Жаңа жылдық карнавал – тек концерт қана емес, жаңа үміттер мен жақсы тілектер тоғысатын, жылды жақсы көңіл-күймен қорытындылайтын ерекше мәдени оқиғаға айналды.

Онлайн кім

Қазір 290 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр