Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары 5 желтоқсан күні Тайынша ауданы Ясная поляна селосында өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Бұл күн – ел экономикасының маңызды саласында еңбек етіп, халықты таза, табиғи өнімдермен қамтамасыз етіп жүрген ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне деген құрметтің белгісі. Филармония өнерпаздары мереке иелерін айтулы төл мерекелерімен құттықтап, олардың өлшеусіз еңбегіне алғыс білдірді. Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне арналған шынайы ризашылық пен құрметтің жарқын көрінісі болды.

