Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік академиялық концерттік ұйымның қабырғасында маңызды жиын өтті – концерттік ұйымдардың қазіргі заман талаптарына бейімделуіне арналған жалпы республикалық отырыс.

Бұл кездесудің басты бөлігі – өңірлік мәдениет ұйымдарының өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою рәсімі. Қазақстанның әр аймағынан жиналған филармония басшылары, концерттік ұйымдардың директорлары елдің мәдени кеңістігін дамытуға бағытталған ортақ шешімдер талқылады. Отырыста Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері концерттік ұйымдарды қолдауға байланысты өзекті мәселелерді көтерді; «Қазақконцерт» басшылығы республикалық концерттік-гастрольдік картаны дамыту жайлы баяндама жасады; Репертуарлық саясат, шығармашылық сапа, қолданыстағы заңнаманың орындалуы, өңірлердің ортақ мәселелері бойынша ашық пікірталас өтті. Филармония директоры Нұргүл Ескендірқызы Шайкенова меморандумға қол қойып, өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосатынын жеткізді. Бұл – ел аймақтары арасында жаңа мүмкіндіктер ашатын, бірлескен жобаларға жол салатын маңызды қадам.

Онлайн кім

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр