Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары 5 желтоқсанда Әділет департаметінің мәжіліс залында өткен Адвокатура күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Адвокатура күні – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген заң саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл күн қоғамдағы әділдік, құқықтық тәртіп және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі адвокаттардың рөлін айрықша атап өтуге мүмкіндік береді. Іс-шараның концерттік бөлімінде «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен филармония солистері өнер көрсетіп, сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ерекше көңіл күй сыйлады.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1115-5-zhelto-sanda.html#sigProId993ece0d11

