28 қарашада өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025» салтанатты жабылу рәсімінде “Гәкку” би ансамблі өнер көрсетіп, өңіріміздің ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғады.

Бұл біздің мәдениетіміздің, ұлттық болмысымыздың, қазақ рухының халықаралық сахнада жарқыраған сәті. Түркі әлемінің әр елінен жиналған жүздеген өнерпаздың ортасында Гәкку ансамблі өзінің мінсіз шеберлігімен қазақ биінің сәні мен салтанатын паш етті. Ақтауда өткен бұл ауқымды шара — түркі жұртының бірлігі мен мәдени байланысын нығайтқан ерекше жыл болды. Ал аталмыш іс-шараның жабылу салтана қатысу — үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Гәкку би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Ордабаеваға мың алғыс! Оның жетекшілігімен ансамбль еліміздің абыройын ту қылып жоғары ұстады!

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр