16 қарашада Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің «Soundtrack» концерті өтті.
Бас дирижері және көркемдік жетекшісі Жанат Рашит.
Саундтректерге арналған концерттер - қазіргі таңда өз тыңдармандарын жинап үлгерген керемет жобалардың бірі.
Негізі біз өзімізге ұнаған, сүйікті фильмдерімізді бірнеше рет қайталап көреміз, ал жүрегімізді жаулап алған сүйікті саундтректерді мың қайтара тыңдаймыз. Әлем кино өнерінің үздік үлгілерінің көпжылдық тәжірибесі фильмдердегі музыканың рөлі аса маңызды екендігін дәлелдеді. Фильмдердегі музыка мен әндердің орны ерекше, олардың арқасында фильмдер түрленіп, жаңа қырынан көрінеді. Дыбыстық киноны ойлап тапқаннан бері музыка мен кино бір-бірінен ажырамастай болып біртұтасты. Кейде саундтректер сол фильмдерінен де асып түсіп, танымал болып жататындығыда бар.
Көрермендер сүйікті фильмдерінің сазды әуендерін филармонияның шығармашылық ұжымдарының орындауында тыңдады.
Симфониялық оркестр «Игра престолов», «Пираты карибского моря», «Властелин колец», «Королёк — птичка певчая», «Великолепнный век», «Алладин», «Любовь напрокат» және т.б. да танымал фильмдердің саундтректерін орындап, тыңдармандарын сүйікті фильмдерінің әлеміне бойлатты.
Өнер сүйер қауым Арай Букаева, Саида Сағдидың орындауында тамылжыған әндерді ден қоя тыңдап, әншілерді қошемет астына алды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1086-simfoniyaly-orkestrdi-soundtrack-kontserti.html#sigProId4cd3bde1b1

