18 қараша күні 18.30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында көрнекті композитор, Қазақ КСР Халық әртісі Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығы аясында «Қыз Жібек» операсынан үзінділер орындалады.

 

Қазақ опера өнерінің інжу-маржаны саналатын «Қыз Жібек» операсынан үзінділер К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің негізінде филармония әншілері мен камералық хордың орындауында ұсынылады. Бұл туынды – ұлттық классикалық өнердің бастауында тұрған, қазақ халқының бай музыкалық дәстүрін кәсіби сахнаға шығарған тұңғыш опералардың бірі. «Қыз Жібек» – қазақ халқының сүйіспеншілікке, адалдық пен ерлікке құрылған эпикалық жырының негізінде жазылған шығарма. Композитор Евгений Брусиловский мен либретто авторы Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық тандемі нәтижесінде дүниеге келген бұл туынды ұлттық мәдениетіміздің биік белесіне айналды. Операда қазақтың халық әндері мен күйлері шебер қолданылып, ұлттық бояу, салт-дәстүр мен рухани құндылықтар терең көрініс тапқан. Көрермен назарына ұсынылатын концерттік орындауда Төлеген мен Жібектің махаббат тарихы, қазақ даласының сұлулығы мен салт-дәстүрі, операның ең әсерлі сәттері мен ариялары орындалады. Бұл кеш – классикалық мұрамызды қайта жаңғыртып, қазақ опера өнерінің көркемдік биігін паш ететін ерекше мәдени оқиға болмақ. Кеш қонағы: Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, композитор және дирижер Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов. Орындаушылар: 🎶К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев. Дирижері: Республикалық байқаулардың лауреаты Жанат Рашит. 🎤Филармония әншілері. 🩰«Гәкку» би ансамблі. Жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева. 🎵Камералық хор. Жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова.

Онлайн кім

Қазір 78 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр