19 қазанда филармония төрінде «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі мен «Еңбек ардагері» медалінің иегері Мара Есмұханованың «Туған жерім – тұғырым» атты шығармашылық кеші өтті.

Халқымыздың ән мұрасын, мәдениетін насихаттауда, бай тәжірибесін жастарға жеткізу жолында еңбек етіп келе жатқан өнер иесінің шығармашылық кешіне Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова мен Мырзахмет Мұқаманов, ВИА «Қаракөз» ансамблі арнайы құттықтап келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Бағдарламаға филармонияның шығармашылық ұжымдары: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі және ізбасар әншілер, өнер жолында бірге жүрген әріптестері «Мәдениет қайраткері», «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов өнер көрсетті. Сонымен қатар жезтаңдай әншінің жолдасы «Мәдениет қайраткері» Болат Есмұханов «Неге солай», «Асылым», ұлы Қамбар «Анашым» әнін арнаса, немерелері: Іңкәр,Сұлтан, Әлияр «Ақ әжем» әнін тарту етті.

Онлайн кім

Қазір 113 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр