19 маусым күні «Любимые и легендарные» атты музыкалық жоба аясында «Пульс A’STUDIO» концерті екінші рет өз көрермендерін жинады.
Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен филармония солистері тыңдарман қауымның назарына аты аңызға айналған A’STUDIO тобының хит әндерінен тұратын бай бағдарламасын ұсынды. Осы жолғы концерттік бағдарламада «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова «Улетаю», Марина Зяблинцева «Fashion Girl», «Я искала тебя» , Серікболсын Бекмолдин “Отан ана”, “Грешная страсть”, “Гүл Алматы”, Саида Сағди «Так же как все», Арай Букаева «Еще люблю», Анастасия Мельник «Папа, мама», Дариға Исмагулова «Тик-так», Аманғали Жұматай «Стоп ночь», Дархан Аубакиров «Солдат любви», Алла Беш «Любовь река», Тамерлан Кадралиев «Помни это», Дмитрий Петюль (саксофон) «Джулия» сынды көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Концертке «Гәкку» би ансамблі, камералық хор да қатысты. Қазақ эстрадасының символына айналған A’STUDIO тобының шығармашылығына арналған «Пульс A’STUDIO» концерті тыңдармандардың жүрегін жаулап алып, ерекше сезім, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1070-puls-a-studio-2.html#sigProIdd47b47aee8