7 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен «Bipl Musical» студиясы Закариас Топелиустың «Екі жерде екім - төрт» ертегісінің желісі бойынша дайындалған музыкалық спектакльді жас көрермендерінің назарына ұсынды.

Бұл бірегей қызықты оқиға - барлық отбасы болып тамашалауға арналған қойылым. Бұл жай ғана ертегі емес, бұл - білім, музыка мен мейірімділік әлеміне таңғажайып саяхат. Қойылым барысында математика қызықты оқиғаға айналады, ал әр кейіпкер — өмір атты оркестрдің бір бөлігі болып табылады. Ақмола облыстық филармониясының камералық музыка ансамблінің орындауында жанды музыка, хордың тебіреніске толы, тұла бойыңды баурап алатын көп дауыстылығы, «Bipl Musical» студиясының актерлерінің жарқын және тамаша ойыны, «Аманат» би мектебі мен «Балақай» балалар студиясының арнайы спектакльге қатысуы қойылымды түрлендіре түсті және де көрермендерге естен кетпес әсерлі сезімдер сыйлады.

Көрермендер өзара үйлесім тапқан классикалық музыка мен театралдық көркем баяндауға тәнті болып, қойылымды ерекше ықыласпен беріле тамашалады. Бұл спектакль — терең мағыналы балалар әдебиетіне және оның ең жақсы көріністеріндегі музыка мәдениетіне деген құрмет болып табылады. «Екі жерде екім - төрт» спектаклі балалар мен ересектерге шындыққа апарар жол біреу екендігін, және оған сапалы білім мен мейірімді жүректердің арқасында ғана жетуге болатынын естеріне салды.

Онлайн кім

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр