25 сәуір филармонияның төрінде симфониялық оркестр сүйікті көрермендерінің назарына «Танымал түрік сериалдары мен фильмдерінің саундтректері» атты тың концертттік бағдарламасын ұсынды.
Түрік сериалдарының жанкүйерлері өздерінің сүйікті фильмдерінің сазды әуендері мен әндерін филармонияның шығармашылық ұжымдарының орындауында тыңдап, ерекше әсерге бөленді. Дирижерлер Темірлан Нұржау, Дина Ардақтың жетекшілік етуімен симфониялық оркестр «Великолепный век», «Зимородок», «Кара севда», «Королёк - птичка певчая», «Чукур» және тағы басқа да танымал түрік телехикаяларының саундтректерін орындап, тыңдармандарын сүйікті фильмдерінің әлеміне бойлатты. Өнер сүйер қауым “Мәдениет қайраткері” Жанат Есов, Республикалық байқаулардың лауреаттары Аякөз Қалмағанбетова, Саида Сағди, Дариға Исмағұлованың орындауында тамылжыған түрік әндерін ден қоя тыңдап, әншілерді қошемет астына алды. Сонымен қатар бағдарламаға «Гәкку» би ансамблі де қатысты.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1036-tanymal-t-rik-serialdary-men-filmderini-saundtrekteri.html#sigProId410195cd48