М.Бисенғалиевтың жыл сайынғы концерттік кестесі жүз отызға дейінгі өнер көрсетулерінен тұрады және әлемнің 35-тен астам елін қамтиды.

Есімі ел аузындағы өнер иесі М.Бисенғалиевтың филармониямен шығармашылық ынтымақтастығы көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Осы ынтымақтастық байланыстың арқасында көкшелік көрермендер жауһар туындыларды ләззаттана тыңдап, тамашалауда. Концерттік бағдарламада майталман скрипкашы мен филармонияның камералық оркестрінің орындауында ағылшын композиторы Карл Дженкинстің «5th season», «Passacaglia», «Palladio», «Шәкәрім» сюитасынан «Зағипа», «Тлеп» сюитасынан «Бий» композициялары, Э.Эльгардың «Салют Д’Амур», «Инхаммерсбах» және т.б. асыл туындылар өнер сүйер қауымның назарына ұсынылады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр