Бірегей мәдени шара аясында филармония солистері симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік опера өнерінің классикасына айналған танымал қазақстандық, кеңестік және шетелдік композиторлардың репертуарынан үзінділер орындады.

«Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева Ж-Ф.Рамоның «Галантные Индии» операсынан алынған «Танец дикарей» туындысымен көрермендерді баурап алды. Республикалық байқаулардың лауреаты Аягөз Қалмағанбетова С.Мұхамеджановтың операсынан Айсұлу ариясын төгілте орындап, концертке ерекше ұлттық талғам берді. Сонымен қатар республикалық байқаулардың лауреаты Серікболсын Бекмолдин П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын шарықтата шырқады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева мен халықаралық байқаулардың лауреаты Батыржан Смаковтың орындауында П.И.Чайковскийдің «Пиковая Дама» операсының Прилепы мен Миловзора дуэті көрермендерге ерекше әсер етті. С.Рахманиновтың «Алеко» операсынан алынған «Пляски цыганок» туындысын Саида Рашит қобыз аспабында (концертмейстері Ольга Гергель) асқан шеберлікпен орындап, көпшілікке сыйға тартты. Концерттік бағдарламада Анна Батлукова (флейта) К-В.Глюктың «Орфей и Эвридика» операсынан ариялар, Жәмила Жарқымбаева Дж.Вердидің «Травиата», Дж. Пуччинидің «Богема» операсынан ариялар орындап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Концерт камералық хордың сүйемелдеуімен Батыржан Смаков пен Алтынбек Бектемірдің орындауында М.Дунаевскийдің «Пиф-паф» операсынан алынған сықақ нөмірмен аяқталды, және көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осы кеште дирижерлік пультте Темірлан Нұржау, Дина Ардақ және камералық хорының жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова өнер көрсетті. Дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко әр шығармаға түсінікте беріп, оның шығу тарихы туралы қысқаша және қызықты баяндама жасады. «Viva, Оpera» концерті Көкше төрінде өткен жарқын музыкалық оқиға ғана емес, сонымен қатар әлемдік және қазақстандық опера беттеріне жасалған нағыз саяхат болды, және де көрермендердің жадында ұзақ уақыт сақталатыны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 337 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр