Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин, дирижері: Шыңғыс Елеманов. Кеш барысында Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Мұхамеджанов, Юрий Антонов, Вячеслав Добрынин, Марк Минков және т.б. көрнекті композиторлардың асыл туындылары филармония солистерінің орындауында көрермендердің назарына тарту етілді.

«Мәдениет қайраткері» Жанат Есов Т.Молдағалиев, Б.Есмұхановтың «Махаббат мұңы» әнін және де «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисовамен бірге Т.Мұхамеджановтың «Іңкәрім-ай» әнін өнер сүйер қауымның назарына ұсынды. Серікболсын Бекмолдин Е.Хасанғалиевтың «Сағындым сені», «А.Бабаджанянның «Королева красоты», Марина Зяблинцева В.Добрынинның «На теплоходе музыка играет», С.Парадидің «Букет из белых роз» әндерін, Саида Сағди Р.Рождественскийдің «Любовь настала» әнін орындады. Сонымен қатар көрермендер Арай Букаева, Анастасия Мельник, Аманғали Жұматай, Дариға Есмағұлова, Бауыржан Алибеков, Балташ Санжар, Санжарбек Кішкембеков, Алан Бектеміров, Айбын Жұмабекке қосыла жарқын естеліктерге толы, естен кетпес сазды әндерді бірге шырқады. Ән сүйер қауым эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде классикаға айналған хиттерді филармония солистерінің орындауында жаңа қырынан таныды.

Онлайн кім

Қазір 169 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр