3 ақпанда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпановтың «Өткен ғасырдың қазақ-орыс ретро әндері» атты жеке концерті өтті.

Дирижері: Қазақстан Республикасының Халық әртісі Абзал Мұхитдинов. Медицина мен өнер саласын қатар ұстаған өнер иесі, Бүкілодақтық және Республикалық конкурстардың лауреаты С.Тоқпанов жеке концертінде көпшілік сүйіп тыңдайтын ретро әндерді орындады. Кеш шымылдығы Т.Молдағалиевтың «Дос туралы жыр» әнімен ашылды. Бағдарламада Р.Рождественский, А.Бабаджанянның «Загадай желание», «Ноктюрн», «Последняя песня Арно», Расул Гамзатовтың «Берегите друзей», Е.Хасанғалиевтың «Есіңе ал», Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» және т.б. да танымал композиторлардың асыл туындылары кеш иесінің орындауында сахна төрінен төгілді. Концерттік бағдарламаға «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Республикалық байқаулардың лауреаты Серікболсын Бекмолдин, «Гәкку» би ансамблі қатысты.

Онлайн кім

Қазір 180 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр