К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртістері, Мәдениет саласың үздігі, концертмейстер Әбілсерік Қамашев пен талантты домбырашы Досхан Калиеновтың орындауында Ермұрат Үсеновтың "Кербез сұлу" күйін қабыл алыңыздар!

Ермұрат Үсенов - атақты Нұрғиса Тілендиевтің тәлім-тәрбиесін алған біртуар азамат. Ұстазының үмітін ақтап, ұлттық музыканың дәстүр-қалпын бұзбай, бояуын солғындатпай, эстрадаға елікпей, шығармаларын таза қазақы колоритте ұсынып келе жатыр.

Осы күндерге дейін ұлт аспаптар және симфониялық оркестрлерге, ансамбльдерге, хорларға, домбыра, қобыз, сазсырнай, сыбызғы сынды жеке аспаптарға арналған шығармаларды жазды. Шынымен де, Ермұрат Үсеновтің төл туындыларында артық-ауыс иірімдер жоқ.

Әуезділігімен, сырлылығымен, саздылығымен халықты баурайтын ән- күйлерін естігенде, құлақ құрышымыз қанып, жансарайымыз ашылатыны шындық.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр