Қайырлы күн, құрметті біздің көрермендер!

Күнделікті қарбалас тіршілікпен, бүгінгідей барлығымызға қиын уақытта оффлайн концерттер өткізу, өкінішке орай, басы ашылмаған үлкен мәселе болып қалуда.Бірақ біз үмітімізді үзбейміз және сіздерді де болашаққа үмітпен қарауға шақырамыз.

Біз сіздерді бұрынғыдай концерттерімізбен қуантып, жүректеріңізге жан жылуымызды сыйлауға әрдайым дайынбыз, сіздермен кездесуді асыға күтеміз.
Ал бүгін бізде жақсы жаңалық!

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Гәкку» би ансамблімен бірге «Онлайн-жаттығу» атты жаңа айдарын ашты, жетекшісі Гүлмира Ордабаева.«Дені саудың - жаны сау» дегендей, денсаулық - адамның ең басты құндылықтарының бірі екендігі қазіргі таңда баршаға аян.Ал жаттығулар бұлшықет жүйесін нығайтуға және дамытуға, өмірлік белсенділік пен еңбекке қабілеттілікті арттыруға көмектесетіні сөзсіз.

Бізбен бірге денеңізді сауықтырып, көңіл-күйіңізді көтеріп, жаттығу жасауға асығыңыздар!

Онлайн кім

Қазір 124 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр